Біз жұмыскерлердің өмірі мен жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және кәсіби дағдыларын дамыту, сондай-ақ Компания жұмыскерлері арасында өзара сыйластыққа, теңдікке және әділдікке негізделген қарым-қатынастарды құру мүмкіндігін беруге талпынамыз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2029 жылға дейінгі Кадрлық саясаты Компанияда және оның еншілес ұйымдарында адами ресурстарды басқару функцияларын дамытудың негізгі тәсілдерін, талаптары мен бағыттарын белгілейтін, негізге алынатын құжат болып табылады. Компания БҰҰ Ғаламдық шартына қатысушы болып табылады және адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы қағидаттарды ұстанады.
Компания Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын толық түрде, сондай-ақ:
Компания жалпы құндылықтар, мәдениет әр түрлілігі, гендерлік, расалық және өзге теңдік негізінде барлық қызметкерлердің әлеуетін іске асыру үшін инклюзивтілікті, әр түрлілікті, әділ және тең қатынасты қамтамасыз етеді .
Компания діни, нәсілдік, этникалық, жынысы, жасы бойынша және басқа белгілер бойынша кемсітушілікті қоса алғанда, кемсітушіліктің ешқандай нысанына төзбейді.
Компания қорлайтын, агрессивті немесе өшпенді болып табылатын мінез-құлықтың кез келген нысанына тыйым салады.
Компанияда айқын басқарушылық вертикаль қолданыста болады, ол бойынша адам құқықтарын сақтаудың елеулі мәселелері басшылыққа жеткізіледі.
Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасы адам құқықтарын бұзумен байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты қарайды.
Адам құқықтарын бұзу оқиғалары туралы ақпарат коммуникация арналары арқылы жиналады, олар арқылы барлық ішкі және сыртқы мүдделі тұлғалар бұзушылықтар, соның ішінде адам құқықтары саласындағы бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
Компания әр түрлілік қағидатын сақтайды, ол бизнес-процестерге әр түрлі адамдарды: түрлі ұлт топтарын, гендерді, мүмкіндігі шектеулі адамдарды тартады.
Компания түрлі гендер, нәсіл, ұлт, дінге сенушілік өкілдері, денсаулық және даму ерекшеліктері бар адамдар үшін кемсітушіліктің жоқ екендігін, қолайлы коммуникациялар этика және әділдік туралы жалпы адам құндылықтары тұрғысынан ақтап қана қоймай, бизнес үшін көпе-көрнеу артықшылықтары бар екенін мойындайды.
Компания әлеуметтік ұқсастығына қарамастан мүмкіндіктерге тең қолжеткізуді беруге талпынады. Тек түрлі көзқарастарды танып және пікірлер мен тәжірибелер әр түрлілігін есепке ала отырып, Компания бәсекелестік артықшылық ала алады және бизнесті дамыту үшін мәдение әр түрлілік әсерін тиімді қолданады. Ол үшін бүкіл Компания шеңберінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге назарды шоғырландыру қажет.
Компания Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрғылықты халықтардың құқықтары туралы декларациясының және Халықаралық еңбек ұйымының Тұрғылықты және тайпалы халықтар саласындағы конвенциясының қағидаттарын түсінеді.
Алайда Компания түрлі конфессиялар қатар бейбіт өмір сүретін Қазақстанның зиялы мемлекет болып табылатынын атап өтеді.
Компания мемлекеттік ұлттық саясаттың іске асырылуына, Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және этносаралық қарым-қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың әрекеттесу тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы ассамблеясы қағидаттарын таниды.
Компания полиэтностық қазақстандық қоғамды құруға өз үлесін енгізеді.