Қазақстан темiр жолы

корпоративтік омбудсмен


Алмағамбетов Қанат Есмұханұлы
 

Туған күні: 6 тамыз 1962 ж.
Азаматтық: Қазақстан Республикасы


Білімі, оның ішінде негізгі және қосымша:

  • 1983 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын Темір жолдарды пайдалану мамандығы бойынша бітірген
     
  • 2001 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Теміржол көлігіндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген


Жұмыс тәжірибесі:

  • 1983 ж. – Кеңес әскеріне шақырғанға дейін Алматы-1 ст. поздарды құрастырушы болып жұмыс істеген
     
  • 1985 - 1998 ж.ж. – Тың темір жолы Көкшетау бөлімшесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, Тың және Ақмола темір жолдарының қозғалыс қызметін басқарған
     
  • 1998 - 1999 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК Павлодар тасымал бөлімшесінің бастығы
     
  • 1999 - 2001 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК орталық аппаратында Бас тасымал басқармасының бастығы, тасымал департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген
     
  • 2001 - 2002 ж.ж. - «ҚТЖ» РМК «Жүк тасымалы» ЕМК директоры
     
  • 2002 - 2004 ж.ж. - «ТеңізШевройл» БК үшін габариттен тыс және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыс тобының менеджері
     
  • 2004 - 2005 ж.ж. - «Қазтеміржолкөлік» АҚ Жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті
     
  • 2005 - 2006 ж.ж. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақмола тасымал бөлімшесі» филиалының директоры
     
  • 2007 - 2008 ж.ж. - «Қазтеміртранс» АҚ вице-президенті
     
  • 2008 - 2009 ж.ж.- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымал процесі жөніндегі басқарушы директоры
     
  • 2009 - 2012 ж.ж. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Пайдалану жұмысы жөніндегі басқарушы директоры
     
  • 2012 -2013 ж.ж.- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Аппарат басшысы
     
  • 2013 - 2014 ж.ж. - «Қазтеміртранс» АҚ Президенті
     
  • 2014 - 2015 ж.ж. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Кеңесшісі
     
  • 2015 - 2018 ж.ж. – «KAZLOGISTICS» көлік және логистика ұйымдары мен қауымдастықтары одағы» ЗТБ (Қазақстан көлік қызметкерлерінің одағы) Бас директоры
     
  • 2018 - 2024 ж.ж.  - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары
     
  • 2025 ж. 7 ақпаннан бастап -  қазіргі уақытқа дейін - «ҚТЖ» ҰК» АҚ  корпоративтік омбудсмені

 

ОМБУДСМЕННІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • Еңбек қатынастары саласында кемсітушілік, еңбек даулары мен әлеуметтік жанжалдарда және еңбек қатынастары саласындағы әдепсіз мінез-құлық жағдайында қызметкерлерге, Компанияның және еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне көмек көрсету;
     
  • «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ компаниялар тобындағы корпоративтік қатынастарға қатысушылар арасындағы еңбек және әлеуметтік жанжалдарды алдын ала ескерту және реттеу арқылы Компанияның және оның еншілес ұйымдарының имиджін жақсартуға жәрдемдесу;
     
  • Қызметкерлердің, қызметкерлер тобының, жеткізушілердің, Компанияның және еншілес ұйымдардың клиенттерінің еңбек даулары мен әлеуметтік жанжалдарын ерте кезеңде бейтарап және құпия түрде шешу;
     
  • өтініш білдірген қызметкерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, оның ішінде құпиялылықты сақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, конструктивті және орындалатын шешімді әзірлеуге көмектесу;
     
  • Компания мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек мәселелерінде туындаған қиындықтарын шешуге, сондай-ақ Компания мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу;
  • дауға, жанжалға немесе күрделі жағдайға қатысушы тұлғалар үшін жанжалдарды (дауларды) реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
     
  • ауызша немесе жазбаша сұрау салу арқылы Компания мен еншілес ұйымдардың басшылығына, сондай-ақ еңбек немесе әлеуметтік жанжалға қатысушыларға қажетті ақпаратты алуға жәрдемдесу;
     
  • еңбек және әлеуметтік жанжалдарға қатысушыларға жанжалды жағдайларға байланысты мәселелер бойынша кеңес беру, сондай-ақ компанияда және еншілес ұйымдарда жүйелік, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы Әдеп және мінез-құлық кодексінің қағидалары мен ережелерін, сондай-ақ іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдемдесу;
     
  • Өздері анықтаған жүйелік сипатқа ие, олардан сәйкес шешімдер (кешенді шара) қабылдауды талап ететін күрделі мәселелерді Компанияның және/немесе еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен тиісті органдарының қарауына беру;
     
  • Өз құзыреті шеңберінде Компанияның ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
     
  • Ұсынымдық сипаттағы,  соның ішінде заң мүддесі мен бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған басқа да шаралар қабылдау.
     

Еңбек құқықтарыңыздың бұзылуына байланысты туындаған барлық мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Омбудсмен кеңсесіне хабарласыңыз.

Электронды пошта:

«ҚТЖ» АҚ Омбудсмені - ombudsman@railways.kz