Басқарма Акционерлік қоғамның алқалы түрдегі атқарушы органы болып табылады. Оның құзырына қоғамның Заңмен және құқықтық актілерімен және Жарғысымен бекітілген барлық сұрақтарын шешу кіреді. Басқарма мүшелері қоғамның қызметін отырыс арқылы басқаруды жүзеге асырады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма құзырына кіреді:
- Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру;
- Қоғамның дамуы стратегиясын Директорлар кеңесінің мақұлдауына және қарауына шығару;
- ішкі (қызметтік) ақпаратты қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету;
- Директорлар кеңесіне қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы уақтылы хабарлау;
- Директорлар кеңесі бекітетін құжаттарға жатпайтын, қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекіту;
- Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту;
- қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қоғам немесе оның қызметі туралы ақпаратты анықтау;
- Қоғамның штаттық кестесін бекіту;
- Қоғамның әкімшілік және басқару қызметкерлерінің (Басқарма мүшелерін, Ішкі аудит қызметін, Қоғамның Корпоративтік хатшысын қоспағанда) еңбекақы төлеу қағидаларын және лауазымдық жалақыларының схемасын бекіту);
- Қор тобына кіретін ұйымдар арасында келісім-шарттар жасау тәртібіне сәйкес, Заңмен белгіленген ерекше жағдайларға қатысты Қоғам мүдделілік таңытатын келісім-шарттар жасасу туралы шешім қабылдау;
- акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- Қоғамның Даму жоспары шеңберінде (нақтыланған бюджет болған жағдайда) Қоғамның даму жоспары бюджетін (нақтыланған) бекіту;
- Қоғамның даму жоспарын бекіту үшін директорлар Кеңесіне ұсыну, мақұлдау және әзірлеу;
- Даму жоспарын іске асыру;
- Жалғыз акционер мен Директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын Қоғамның қызметін қамтамасыз етудің өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.
2024 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының 33 отырысы өткізілді. 249 мәселе бойынша шешім қабылданды.