Қазақстан темiр жолы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) студенттік бастамаларды қолдау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы кеңесінің студенттік стипендиясын тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлайды

 

 


Конкурсқа қатысу үшін жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 15 тамызға дейін мынадай тақырыптарда жүзеге асырылады:
1) «Құқықтық функцияларды цифрландыру. Үздік әлемдік тәжірибе»; 
2) «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытудың құқықтық аспектілері».


Конкурсқа келесі жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы заң факультеттерінің бакалавриат студенттері қатыса алады: 
АО «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ;
 «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КАҚ.


Жұмыс нәтижелері Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6 үй, 28 қабат, № 2812 кабинетінде қолма-қол бойынша немесе электрондық түрде baltabayev_e@railways.kz, zhomartbekuly_b@railways.kz электрондық мекенжайларға жіберу арқылы берілуі мүмкін.


Барлық туындаған мәселелер бойынша конкурстық комиссияның хатшысы Жомартбекұлы Бақытжанға 60-37-89 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Конкурсты өткізу тәртібі «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы кеңесінің студенттік стипендия беру тәртібі туралы ережемен және конкурты өткізу регламентімен қарастырылған.

 

 

Студенттік стипендия беру тәртібі туралы ереже Конкурс өткізу регламенті