Қазақстан темiр жолы

Корпоративтік мәдениет

 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, Компания қызметкерлерінің, Компания қызмет ететін өңірлердегі тұрғындардың және жалпы қоғамның өміріне әлеуметтік жауапты қатысу бойынша ерікті міндеттемелерді алады.

Компания өз қызметкерлеріне түрлі жеңілдіктерді қамтитын кепілді әлеуметтік пакетті ұсынады, кәсіби және жеке даму үшін барлық жағдайды жасайды, жастар саясатына, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі, ауқымды қайырымдылық науқанды жүргізеді. Зейнеткерлер мен қызметкерлердің отбасыларына елеулі қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі салалық келісім мен 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт шеңберінде Компания қызметкерлеріне еңбек құқықтарын қорғау, еңбекке ақы төлеу, еңбекті қорғау, олардың және олардың балаларының сауықтырылуы мен демалуы бойынша әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қосымша нормалар беріледі. Ұжымдық шартта барлық қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді, қызметкерлер мен зейнеткерлерді санаторлық-курорттық сауықтыруды, балалардың жазғы сауықтыру демалысын, мүгедектерді емдеуге және  мүгедектерді күтуге арналған шығыстардың өтелуін қамтамасыз ету және т.б. қарастырылған.

Ұжымдық шартта Компанияның келесі міндеттемелері баяндалған:

әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормаларды сақтау;

қызметкерлерге, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, Компаниядағы мүгедектерге, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларда және кәсіби аурулардан зардап шеккендерге материалдық қолдау мен әлеуеметтік кепілдіктер беру;

Компания қызметкерлері балаларының жазғы демалуы мен сауықтырылуын қоса алғанда, жастарға әлеуеметтік кепілдіктер беру.

 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жобасы
 

 

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі салалық келісім