Қазақстан темiр жолы

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесін басқару «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та және оның еншілес ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Экологиялық талаптардың, нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың бұзылғандығын немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін тапқан жұмыскерлер «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен оның еншілес ұйымдарында оқиғалардың түпкілікті себептерін анықтай отырып, оларды басқару» стандартына сәйкес туындаған жағдайды жою немесе шоғырландыру бойынша олардың қолынан келетін барлық шараларды дереу қолдануға және бұл туралы диспетчерге немесе құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың басшыларына хабарлауға міндетті. 

Құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдар Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қоршаған ортаға ластағыш заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы оларды көрген сәттен бастап 2 сағат ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді. Сондай-ақ бұл ақпарат жетекшілік ететін бөлімшеге де беріледі. 

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Авариялық жағдайлардың салдарларын жою Компанияның жеке жергілікті актісімен бекітілетін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та және оның еншілес ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.