Мүдделі тараптармен әрекеттесу Компания қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компания мен мүдделі тараптар жүзеге асыратын диалог тұрақты дамуға айтарлықтай әсер етеді. Біз қызметкерлерді, кәсіподақтарды, клиенттерді, жеткізушілерді, мемлекеттік органдарды және т.б. қоса алғанда мүдделі тараптарымызбен жақсы қарым-қатынастарды құруға әрі сақтауға ұмтыламыз. Компанияның мүдделі тараптармен әрекеттесуі келесі қағидаттар негізінде жүргізіледі: • мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артық көрулерін құрметтеу және есепке алу; • мүдделі тараптарды уақтылы әрі ұдайы хабардар ету; • алған міндеттемелерді жауапты орындау. Компания өз қызметі барысында әрекеттесуді жүзеге асыратын мүдделі тараптардың шешуші топтары
Есептің елеулі тақырыптарын анықтау
Мүдделі тараптардың пікірі тұрақты даму саласындағы есепті қалыптастырған кезде ескеріледі.
Компания үшін елеулі тақырыптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың экономикаға, қоршаған ортаға, персонал мен қоғамға айтарлықтай ықпалын көрсететін, сондай-ақ мүдделі тараптар топтарының бағалары мен шешімдеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін тақырыптар.
Есепті дайындау шеңберінде елеулі тақырыптар 2 критерий бойынша айқындалады:
• тақырыптың мүдделі тараптар үшін маңыздылығы;
• Компанияның тақырыпқа ықпал ету дәрежесі.
Елеулі тақырыптарды анықтау 3 кезең бойынша жүргізіледі:
• ықтимал елеулі тақырыптар тізбесін жасау (сауалнама әзірлеу);
• мүдделі тараптар топтарында сауалнама жүргізу;
• елеулі тақырыптар матрицасын жасау.
Елеулі тақырыптар тізбесін әзірлеген кезде Компания БҰҰ Ғаламдық шарты қағидаттарын және қаржылық емес есептіліктің GRI Standards стандарттарын ескерді .
Мүдделі тараптарымызды төмендегі сілтеме бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы елеулі тақырыптарды анықтауға шақырамыз.