Компания қызметкерлерінің кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық құзыреттерін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірістік персоналды даярлауға арналған Астана, Павлодар, Тараз, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында орналасқан оқу орталықтары жұмыс істейді. 2025 жылы оқу орталықтарында 23 616 қызметкер оқытылды. Есепті кезеңде оқудан өткен қызметкерлердің жалпы саны 61 274 адамды құрады. Оқытуға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы — 2,4 млрд теңге.
Компанияда өз саласының сарапшысы болып саналатын 70-тен астам жоғары білікті ішкі тренер жұмыс істейді. 2025 жылы ішкі тренерлердің күшімен, оның ішінде «Білім экспресі» көшпелі ішкі тренерлер мектебі аясында 3 800 қызметкер жеке-іскерлік құзыреттер бойынша оқытылды. Оқыту тақырыптары: қақтығыстарды басқару, күйзеліске төзімділік, көшбасшылық, тиімді коммуникация, клиентке бағдарлану, цифрлық дағдылар, тиімділікті басқару, үнемді өндіріс және эмоционалдық интеллект.
2025 жылғы бір қызметкерге жынысы, жасы және санаты бойынша жылына орташа оқу сағаты
|
Персоналды оқыту
|
Барлығы
|
Жоғары менеджмент
|
ӘБП
|
Өндірістік персонал
|
|
Әр санат бойынша қызметкерлерді жылына оқыту сағаттарының жалпы саны, сағат
|
2 200 918
|
72
|
196 403
|
2 004 443
|
|
Әр санаттағы қызметкерлердің жалпы саны, адам саны
|
118 506
|
98
|
6 571
|
111 837
|
|
Әр санаттағы бір қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны, сағат
|
18,6
|
0,7
|
29,9
|
17,9
|
|
Персоналды оқыту |
Әйелдер |
Ерлер |
|
Әр санат бойынша қызметкерлерді жылына оқыту сағаттарының жалпы саны, сағат |
249 756 |
1 951 162 |
|
Әр санаттағы қызметкерлердің жалпы саны, адам саны |
25 770 |
92 736 |
|
Әр санаттағы бір қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны, сағат |
9,7 |
21 |
|
Персоналды оқыту |
30 жасқа дейін |
30-50 жас |
51 жастан жоғары |
|
Әр санат бойынша қызметкерлерді жылына оқыту сағаттарының жалпы саны, сағат |
330 138 |
1 298 542 |
572 238 |
|
Әр санаттағы қызметкерлердің жалпы саны, адам саны |
18 002 |
70 226 |
30 278 |
|
Әр санаттағы бір қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны, сағат |
18,3 |
18,5 |
18,9 |
Есепті кезеңде қызметкерлерді оқыту