«Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бірыңғай саясатын іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
Қордың миссиясы халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін жақсартуға және Қазақстан Республикасының өркендеуіне ықпал ету болып табылады.
«Samruk-Kazyna Trust» заңдылық, тең құқықтылық, еріктілік және жариялылық принциптерін ұстана отырып, қайырымдылық жобаларды келесі бағыттар бойынша іске асырады:
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратпен www.sk-trust.kz ресми сайтында танысуға болады.
Сонымен қатар, Компания корпоративтік еріктілік (волонтерлік) және жергілікті қоғамдастықтарға көмек көрсету арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар саясатын іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, аз қамтылған азаматтарға және т.б. көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.
2020 жылдан бастап Компания еріктілік акцияларын өткізу арқылы қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ESG-принциптерін белсенді түрде ілгерілетіп келеді. 2020 жылдан бері 6 мыңнан астам іс-шара, ал 2023 жылы 1 мыңнан астам іс-шара іске асырылды.
Еріктілер қозғалысын жүйелі түрде дамыту үшін 2023 жылы еліміздің түкпір-түкпірінен Компания қызметкерлерінің басын қосқан «Корпоративтік еріктілер мектебі» жобасы басталды. 120 қатысушы үшін Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының, Samruk-Kazyna Trust және Әлеуметтік жобалар қорының өкілдерімен панельдік сессиялар, сондай-ақ Қазақстанның еріктілер қозғалысы көшбасшыларының оқыту семинарлары өткізілді.
Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында 5 номинация бойынша жыл сайынғы «Жылдың корпоративтік еріктісі» байқауы ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, 2024 жылы қызметкерлер еріктілік қызметке 30 мыңнан астам адам-сағат жұмсады.
2024 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 45-тен астам қызметкерінен ауру-сырқау, жазатайым оқиғалар және басқа да жағдайларға байланысты қаржылық қолдау көрсету туралы келіп түскен өтініштерге жауап ретінде, Компанияның басқа қызметкерлерін ерікті түрде қайырымдылық жасауға шақыру мақсатында корпоративтік пошта арқылы хаттар тарату және «Қазақстан теміржолшысы» газетіне мақалалар жариялау арқылы қаражат жинау ұйымдастырылды. Бұл шаралар мұқтаж қызметкерлерге көмек көрсету үшін қомақты қаражат жинауға мүмкіндік берді.
2024 жылы Компания су тасқыны зардаптарымен күреске елеулі үлес қосты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлді.
Компания пойыздарымен су тасқынынан зардап шеккен 12 мың адам, әскери қызметшілер, еріктілер мен құтқарушылар тасымалданды, оның ішінде 8,9 мың жолаушы су басу аймақтарынан жолаушылар вагондарымен шығарылды.
540 бала емдік-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне жіберілді. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ-нің және Ұлттық ұланның 2,6 мыңнан астам жеке құрамы жеткізілді.
Төтенше жағдайды жою үшін 1 мың бірлік ауыр техника, 1,5 мың тонна ірі кесек тас (бутовый камень), 5,6 мың тонна қиыршық тас тасымалданды. 45 шайылуға қарсы және 47 өрт сөндіру пойызы құрылды. ҚТЖ-ның арнайы пойыздарымен 9,9 мың текше метрден астам еріген су сорылды.
Табиғи апатпен күресу үшін 23 мыңнан астам теміржолшы жұмылдырылды. 930 теміржолшы-ерікті тартылды. 2,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Әлеуметтік нысандарды салу
2025 жылы Компания өзі жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік нысандарды салу бойынша бірнеше жобаны бастады, атап айтқанда:
Эко-жобалар
Компания серіктестерімен бірлесіп ел экологиясын жақсартуға үлес қосуда.
Тоғай ормандарын қалпына келтіру
Оңтүстік Балқаш маңындағы өрттен кейін экожүйені қолдау үшін ОТЛК ЕРА компаниясы (ҚТЖ, РЖД және БЖД бірлескен кәсіпорны) Қазақстанның тоғай ормандарын қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруда.
Бастама аясында елде 2022-2024 жылдар аралығында жалпы аумағы 14 гектар болатын 39 700-ден астам ағаш отырғызылды. 2025 жылы 15 000 ағаш отырғызылуда.
Тоғай ормандары Бұқар маралдары (бұғылары) мен басқа да тұяқты жануарлар үшін өте маңызды биотоп болып табылады. Сонымен қатар, мұндай ормандар табиғи су реттегіші қызметін атқарады.
«Таза Қазақстан» акциясын іске асыру
Табиғатқа және экологияға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту аясында Компания 2025 жылы Қазақстанның бүкіл аумағында 120 мың терек, акация, айлант және қарағаш көшеттерін отырғызу бастамасын жүзеге асыруда.
Көшеттерді тікелей отырғызуды ҚТЖ компаниялар тобының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл бастама теміржолшылар тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық қозғалысына көрсетілген қолдау болып табылады.