Қазақстан темiр жолы

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар


2020 және 2025 жылдар аралығындағы кезеңде қоршаған ортаға эмиссиялар динамикасы, мың тонна

 

Ластағыш заттар эмиссияларының үлесі, %

 

Эмиссияны азайту бойынша орындалатын іс-шаралар:

• ластағыш заттарды аз шығаратын «ЭВОЛЮШН» сериялы тепловоздарды ендіру, бұл ескі модель тепловоздарымен салыстырғанда  атмосфералық ауаға шығарындыларды 2,2 еседен артық азайтуға мүмкіндік береді;

• Атмосфераға шығындылар деңгейі UIC III A ГОСТ Р 50953-96, ГОСТ Р 50952-96 стандарттар эмиссиясы бойынша экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда атмосфераға зиянды шығындылар 40 %-дан астам төмендеген.

• жылу беру жүйесі құрама, тұйық үлгідегі дәретханалармен жабдықталған жаңа жолаушы вагондарын сатып алу, бұл ластағыш заттар шығарындыларын азайтуға және теміржол төсемін фекальдық микрофлорамен  бактериалдық ластануын болдырмауға мүмкіндік береді;

• қазандықтарды қатты отыннан газ тәрізді отынға көшіру, өндірістік ғимараттарды электрмен жылытуға көшу, бұл атмосфералық ауаның стационарлық көздерден ластануын азайтуға жағдай жасайды;

• қалдықтарды (макулатура, ақауға шығарылған электронды жабдық (АЭЖ), пластик, металл сынықтары, пайдаланылған май, аккумуляторлар, шиналар) бөлек жинауды жүзеге асырып, кейін өтеусіз негізде қайталап өңдеу үшін тысқары ұйымдарға беру.

 

Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы
кг СО2-экв./10 мың тонна км-брутто

Көрсеткіштер

2020

2021

2022

2023

2024

2025

Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі, кг СО2-экв.

5 517 621 000

5 532 057 000

5 656 742 485

5 508 006 465

5 058 971 000

5 235 742 000

Жүргізілген жұмыс бірлігі, 10 мың тонна км-брутто

42 911 000

423 070 000

44 361 140

47 324 152

47 779 900

50 808 600

Тікелей шығарындылардан парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы, кг СО2-экв./ 10 мың тонна км-жалпы

51,668

53,923

53,843

50,491

50,823

49,773

Жанама энергетикалық шығарындылардан парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы, кг СО2-экв./ 10 мың тонна км-жалпы

78,095

76,836

73,671

65,898

55,058

53,278

ПГ шығарындыларының қарқындылығы-тасымалдау жұмысының көлемі, кг СО2-экв./ 10 мың тонна км-жалпы

128,582

130,759

127,514

116,389

105,881

103,048


 

Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы (Scope 1 және Scope 2 ) тонна-километрге және жолаушы-километрге

 

 2022-2025 жылдар кезеңінде стационарлық объектілерден SO2, NOx шығарындылары, мың тонна

Ластаушы заттардың шығарындылары

2022

2023

2024

2025

NOx

0,34

0,21

0,22

0,26

SOx

0,68

0,60

0,53

0,46

Қатты бөлшектер

2,37

1,97

2,1

2,15

Co

1,42

1,42

1,44

1,30

Ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ)

0,25

0,10

0,08

0,06

Тұрақты органикалық ластаушы заттар (ТОЛз)

0,0

0,0

0,0

0,0

 

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын жалпы санын жинау үшін "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқармасының 20.05.2026 жылғы шешімімен бекітілген "ҚТЖ "ҰК" АҚ және оның еншілес ұйымдары экологиялық менеджмент жүйесінің ережесі қолданылады.
 

"Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының мақсаттары мен индикаторлары 2026 жылға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология саласында


 

Экологиялық төлемдер (айыппұлдар)