Қазақстан темiр жолы

Көміртегі ізін азайту


Көміртек калькуляторы

 

Жылыжай газдарының шығарылымын азайту

Қазір Париж келісімі талаптарын іске асыру шеңберінде көміртекті бейтараптыққа қолжеткізу әлемдегі өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Париж келісімі халықаралық климат саясатындағы жаңалық болды. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінші болып бұл келісімді 2016 жылғы 6 желтоқсанда ратификациялады және  декарбонизацияланған экономиканы дамыту жолын ұстанатындығын бірізді көрсетіп отыр. 

2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан ғаламдық температураның 1,5-2 градустан С артық өсуіне жол бермеу туралы Париж келісімі бойынша өз міндеттемелерін растап, өзінің жаңа мақсаты – 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қолжеткізу туралы жариялады. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа қолжеткізуі туралы бастамасын қолдау мақсатында Компанияда көміртектік ізді азайту жұмысы жүргізілуде. 

2022 жылы Компания Басқармасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын 2022 жылғы 26 желтоқсандағы (№02/49 хаттама) бекітті.

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2060 жылға дейін көміртекті азайтып дамуының тұжырымдамасы

Қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2060 жылға дейінгі кезеңге арналған Көміртекті азайтып даму тұжырымдамасын әзірледі. 

Тұжырымдаманың мақсаты Компанияның көміртекті бейтараптыққа қолжеткізуі болып табылады.

Тұжырымдаманың басым міндеттері:

  • Компанияның 2060 жылға дейін көміртекті ізді азайту жөніндегі мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
  • көміртекті бейтараптық мақсаттарына қолжеткізу үшін технологиялық даму бағыттарын белгілеу;
  • инвестициялар мен қаржы ресурстарына қажеттілікке баға беру;
  • энергияға көшу бойынша алға қойылған мақсаттар іске асырылмаған жағдайда шешуші тәуекелдер мен салдарларға баға беру болып табылады.

Компанияның көміртекті ізіне тікелей және жанама шығарындылар кіреді:

Ұйымның көміртегі ізі шығарындылардың екі санатын қамтиды:

 

2019-2025 жылдар аралығы кезеңіндегі парниктік газдар шығарындыларының динамикасы (1, 2-қамту саласы), мың тонна CO2-бал. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қондырғылар түрі бойынша тікелей шығарындылардың құрылымы

Жылжымалы қондырғылардан: 94,7 %  (94,3 % - теміржол паркі,  5,7 % - автопарк)

Стационарлық қондырғылардан: 5,3 %

 

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жылжымалы қайнар көздерді (тепловоздарды, дрезиналарды, автомобильдерді) және стационарлық тұтынушыларды (қазандарды, қазандықтарды, пештерді) пайдалану барысында жүзеге асырылады. 

2024 жылы парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі 5 058,3 мың тоннаны құрады, оның ішінде тікелей шығарындылар – 2 428,3 мың тонна, жанама шығарындылар – 2 630 мың тонна. 

Бұл ретте, "ҚТЖ "ҰК" АҚ  бас инженері бекіткен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология саласындағы мақсаттары мен индикаторларына сәйкес 2024 жылға арналған көміртегі ізін 2023 жылғы деңгейден 2,5% - ға төмендету немесе парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемін азайту жөніндегі мақсат белгіленді (қамту 1 және 2) 5508 -тен 5370 мың тоннаға дейін CO2 (2023 жылға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология саласындағы мақсаттар мен индикаторларды қараңыз). Нақты 5058 мың тоннаға дейін төмендеді, 8,8%.

Теміржол көлігі ресурстарды тиімді пайдалану, зиянды газдардың аз шығарылуы және шу мен дірілдің төмендігі арқасында анағұрлым экологиялық таза көлік түрлерінің бірі болып табылады, бұл ауа сапасын жақсартуға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға көмектеседі.

Электр энергиясын пайдаланатын электровоздар дизельмен жұмыс істейтін тепловоздарға қарағанда экологиялық таза болып табылады. Себебі олар энергияны тиімдірек пайдаланады және зиянды шығарындылар шығармайды.

Локомотивтердің жалпы санының 32% - дан астамы болып табылады, деректер төмендегі кестеде келтірілген.

 

Локомотив паркінің жалпы санынан электровоздардың үлесі, %

Жыл

Локомотив паркінің жалпы санынан электровоздардың үлесі, %

2019

32,3

2020

32,01

2021

30,8

2022

32,7

2023

32,5

2024

35


Компания жыл сайын көміртегі ізін азайту үшін іс-шаралар қабылдайды. Маңызды шаралардың бірі-парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал ететін жылжымалы құрамның жаңа түрлеріне көшу. Атап айтқанда, компания ескі модельдерге қарағанда 2,2 есе аз ластаушы заттарды шығаратын Evolution сериялы тепловоздарды енгізуде. 

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2060 жылға дейін көміртекті азайтып дамуының тұжырымдамасы шеңберінде жылыжай газдарының шығарындылары бойынша мақсаттар

Тұжырымдама іс-шараларын іске асыру шеңберінде 2030 жылға дейінгі кезеңде СО2 тікелей шығарындыларды 1,8 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін, немесе 2020 жылғы деңгейдің 25%-ына дейін төмендету жоспарлануда. Бұл ретте энергияны ауыстыру іс-шараларды енгізу болмағанда поездар тартымында дизель отынының көп жұмсалуы себепті ол 16%-ға өседі.

 

Көміртекті із динамикасы (СО2 тікелей шығарындылары), млн тонна