«Теміржолсу» АҚ және оның 10 еншілес ұйымы табиғи монополиялар субъектілері болып табылады және Қазақстан Республикасының теміржол станциялары мен разъездерінде сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асырады.
«Теміржолсу» АҚ-ның меншігінде 127 теміржол пунктінде орналасқан объектілер бар. Бұдан бөлек, еншілес ұйымдар 278 теміржол пунктінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Қызмет көрсетілетін объектілер негізінен шағын теміржол станциялары мен разъездерінде орналасқан, бұл жерлерде «Теміржолсу» АҚ көрсететін қызметтер тиісті коммуналдық қамтамасыз етудің негізгі, ал бірқатар жағдайларда бірден-бір көзі болып табылады.
Сонымен қатар, «Теміржолсу» АҚ кешенді-мердігерлік қызметтер көрсетеді, оның аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымы объектілерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар орындалады. 2023–2025 жылдар аралығында ағымдағы жөндеумен 906 объект, оның ішінде локомотив бригадаларына арналған 26 демалыс үйі қамтылды.
Сондай-ақ «Теміржолсу» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарына сервистік техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және олардың тиісті техникалық әрі пайдалану күйін қамтамасыз етеді.
«Теміржолсу» АҚ басшылығы:
Бекенов Омирзак Джамбырбаевич – Бас директордың (Басқарма Төрағасының) міндетін атқарушы;
Кудайбергенов Касымжан Шанжарханович – Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
Жумангалиев Канат Есенханович – Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы;
Толеуов Бауржан Шукурович– Бас инженер
Еншілес ұйымдар «Теміржолсу» АҚ
- «Теміржолсу-Алматы» ЖШС
- «Теміржолсу-Актобе» ЖШС
- «Теміржолсу-Арыс» ЖШС
- «Теміржолсу-Аягоз» ЖШС
- «Теміржолсу-Караганды» ЖШС
- «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС
- «Теміржолсу-Кокшетау» ЖШС
- «Теміржолсу-Костанай» ЖШС
- «Теміржолсу-Мангыстау» ЖШС
- «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС
2026 – 2028 жылдарға арналған ұжымдық шарт
«Теміржолсу» АҚ-ның 2021 жылғы жылдық есебі