Директорлар кеңесі стратегиялық мақсаттарды, дамудың басым бағыттарын айқындайды және Компания қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі "ҚТЖ»"ҰК"АҚ атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің құрамы теңдестірілген, бұл Директорлар кеңесі мүшелерінің (акционерлердің өкілдері, тәуелсіз директорлар, атқарушы органның басшысы) бірігуін білдіреді, бұл ұйымның мүддесі үшін және акционерлерге әділ қарым-қатынасты ескере отырып шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесіне атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерін сайлауға болмайды. Атқарушы органның басшысын Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайлауға болмайды.
Директорлар кеңесінің Төрағасы және Атқарушы орган басшысының рөлдері мен функциялары Компаниялар жарғыда нақты бөлінген және бекітілген.
Директорлар кеңесі құрамының құрылымы Жалғыз акционердің мүдделерін әділ және объективті білдіруді қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін Жалғыз акционер айқындайды.
Директорлар кеңесінің құрамына қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде тәуелсіз директорлар кіреді. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы кемінде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесінің тәуелсіздігіне қойылатын талаптар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже