Жанна Әділқызы Ақжанова
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры (ІТ-офицер)
Туған күні: 1977 жылғы 30 қыркүйек
Қазақстан Республикасының Азаматтығы
Білім:
1996 жылы – Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды банк колледжі, мамандығы – банк істері;
1999 жыл – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы – қаржы және несие;
2010 жыл – Халықаралық бизнес академиясы, MBA дәрежесі, мамандығы – менеджмент.
Жұмыс тәжірибесі:
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 2026 жыл – қазіргі уақытта - Цифрландыру жөніндегі басқарушы директор (IT-офицер). АТ стратегиясы мен корпоративтік архитектураны, жасанды интеллект, цифрлық логистика, АТ-ресурстар негізінде деректер мен шешімдерді дамытуды және еншілес ұйымдардың цифрлық функцияларын үйлестіруді қоса алғанда, ҚТЖ тобының цифрлық трансформациясына басшылық жасау.
- Global Aeon компаниялар тобы – 2022-2026 жылдар - CEO. Технологиялық компаниялар тобына басшылық жасау, ірі ұйымдардың бизнес-процестерін цифрландырудың цифрлық өнімдері мен жобаларын дамыту, халықаралық қорлармен өзара іс-қимыл жасау.
- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – 2022 жыл – Қаржы директоры. Бюджеттеу, қаржылық жоспарлау және ағындар, қаржылық стратегия, есеп беру, ішкі бақылау және қаржылық тәуекелдер мәселелеріне басшылық жасау.
- «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС / Тұңғыш Президент Қоры – 2019-2022 жылдар – Кеңесші/консультант. Инвестициялық жобаларды сараптау, нарықтар мен бәсекелестік ортаны талдау, қор стратегиясын әзірлеуге қатысу.
- «Астана LRT» ЖШС – 2019 – 2020 жылдар – Басқарма төрағасының м.а. Ұйымға жалпы басшылық жасау, стратегиялық және жедел жоспарлау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, көлік жобаларының портфелін басқару.
- «Қазпошта» АҚ – 2014 – 2017 жылдары – Басқарушы директор / қаржы қызметтері жөніндегі бас директор / Басқарма Төрағасының кеңесшісі. Қаржылық қызметтер бағытына басшылық жасау, бөлімшелер желісін автоматтандыруға қатысу, қаржылық операцияларға, тәуекелдерге, ішкі бақылауға, ақпараттық қауіпсіздікке, комплаенс пен корпоративтік басқаруға жетекшілік ету.
- Банк секторы – 1996-2015 жылдар – «АзияКредитБанк» АҚ, «КазИнвестБанк» АҚ «ЭксимБанк» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымдық қызметтер.
Қоса атқаратын лауазымдары: жоқ.
Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: жоқ.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етуі: жоқ.