Қазақстан темiр жолы

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

«ҚТЖ» ҰК» тиімділігі Компанияның  тұрақтылығы мен табысты дамуына тікелей  әсер ететінін біле отырып, корпоративтік басқару мәселелеріне ерекше назар аударады. Акционерлер, басшылық пен қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимыл қолайлы және айқын корпоративтік мәдениетті құруға бағытталған стратегияның негізгі элементі ретінде қарастырылады. Компания өз қызметінде айқындылық, жауапкершілік және әділеттілік  ағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұдан басқа, басқарудың озық тәжірибелерін енгізу қызметке байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін корпоративтік басқару - тұрақты өсуге ғана емес, сонымен қатар инвесторлар, серіктестер және басқа да мүдделі тараптар тарапынан сенімді нығайтуға ықпал ететін стратегиялық құрамдас бөлік.


Корпоративтік басқару жүйесі
 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқару жүйесі Компания қызметін басқару мен бақылауды, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестер жиынтығын білдіреді.

Корпоративтік басқару қағидаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік басқару кодексінде айқындалған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқару органдарының құзыреттері нақты бөлінген және Компания Жарғысында бекітілген.


Корпоративтік басқару құрылымы
 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқарудың екі деңгейлі жүйесі басқарудың екі негізгі деңгейін: Директорлар кеңесін және атқарушы орган – Басқарманы қамтитын құрылым болып табылады.
 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады (оның ішінде 4 тәуелсіз директор, 4 жалғыз акционер мүддесінің өкілі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы). "ҚТЖ" ҰК " АҚ Басқармасы сегіз адамнан тұрады.

 

 

 

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – ның жарғысы Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің құрамы Басқарма Басқарманың құрамы Корпоративтік омбудсмен Ішкі аудит қызметі Корпоративтік құжаттар