Қазақстан темiр жолы

Инвесторларға арналған ақпарат

Ақпараттық хабарлама (09.10.2026)

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның оңтүстігіндегі темір жол инфрақұрылымын дамытуға және Орталық Азия бағытындағы транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған «Дарбаза – Мақтаарал» жобасын іске асыру шеңберінде экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлайды. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының талаптарына сәйкес экологиялық және әлеуметтік құжаттар дайындалды: техникалық емес түйіндеме (NTS), қоршаған және әлеуметтік ортаға әсерді бағалау (ESIA), экологиялық және әлеуметтік іс-қимыл жоспары (ESAP), мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары (SEP) және жер учаскелерін алу және қоныс аудару жоспары (LARP).
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) Жобаның әсеріне ұшыраған тұлғаларға арналған тетік (Project-affected People’s Mechanism, PPM) туралы саясаты «Дарбаза – Мақтаарал» темір жол жобасына қолданылады. Жобаның әсеріне ұшыраған тұлғалар жобаның экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне қатысты өз алаңдаушылықтарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға және АИИБ басшылығына жолдай алады. Егер мәселелер қанағаттанарлық түрде шешілмесе, сіз өз өтініштеріңізді PPM-ге жолдай аласыз. PPM туралы ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: Біз сізге қалай көмектесеміз – Жобаның әсеріне ұшыраған тұлғаларға арналған тетік (aiib.org):
https://www.aiib.org/en/about-aiib/who-we-are/project-affected-peoples-mechanism/how-we-assist-you/index.html 
 

Қосымша


 

Ақпараттық хабарлама (25.09.2026)
 

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға бағытталған «Қызылжар – Мойынты» жобасын іске асыру аясында Dongsung Engineering компаниясымен бірлесіп экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін хабарлайды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тиісті экологиялық және әлеуметтік есептер жаңартылды. 

Қосымша

 

Ақпараттық хабарлама (08.10.2025)


"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға бағытталған «Қызылжар – Мойынты» жобасын іске асыру аясында Dongsung Engineering компаниясымен бірлесіп экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін хабарлайды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тиісті экологиялық және әлеуметтік есептер дайындалды. 

Қосымша

 

Ақпараттық хабарлама (28.04.2025)


«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы айналма теміржолы» жобасына Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (AIIB) қаржы тарту шеңберінде халықаралық қаржы институттарының талаптарына сәйкес әзірленген материалдар топтамасын корпоративтік сайтта орналастырғанын хабарлайды. 

 

Ақпараттық хабарлама (20.04.2022)


«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында орналастырылған номиналды көлемі 50 миллиард теңгені құрайтын (ISIN: KZ2C00003564) Бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі Бірінші шығарылымның облигациялары бойынша жетінші купон үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,02% көлемінде белгіленгені туралы хабарлайды.

 

Ақпараттық хабарлама (12.04.2021)


«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында орналастырылған номиналды көлемі 50 миллиард теңгені құрайтын (ISIN: KZ2C00003564) Бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі Бірінші шығарылымның облигациялары бойынша алтыншы купон үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,92% көлемінде белгіленгені туралы хабарлайды.