Қазақстан темiр жолы

№40 «Темір жол көлігі» техникалық комитеті

 

№ 40 «Темір жол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитеті

 

Стандарттау жөніндегі №40 «Темір жол көлігі» техникалық комитеті (бұдан әрі – № 40 ТК) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы базасының негізінде темiржол көлiгi саласында ұлттық, өңірлік және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет төрағасы орынбасарының «Темір жол көлігі» техникалық комитетін құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығымен құрылған.

 

 

Басшылық

 

 

№ 40 ТК Төрағасы: 

 

Садыркулов Рамазан Болатбекович   – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың - Бас инженері

 

№ 40 ТК Төраға орынбасары:

 

Адасбаева Индира Бакытовна – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры

 

№ 40 ТК Төраға орынбасары:

 

Текебаева Аида Абилхановна  – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Техникалық саясат және реттеу департаментінің Бас менеджері

 

№ 40 ТК хатшысы: 

 

Кашкимбаева Сара Буленовна  – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Техникалық саясат және реттеу департаментінің менеджері

 

 

 

№ 40 ТК жұмысы отандық өнiмнiң iшкi және сыртқы нарықта бәсекеге қабiлеттiлiгін қамтамасыз ету, сондай-ақ шетелдермен сауда арқылы өнiм (технологиялар, қызметтер) алмасу кезінде техникалық кедергілердi болдырмау үшiн ұлттық стандарттардың сапалық деңгейiн жоғарылатуға, оларды халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.

 

Мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және технологиялық институттардың, конструкторлық бюролар мен ұйымдардың, өндiрушiлердің және тұтынушылардың, қауымдастықтардың     (№ 40 ТК қызметі төңiрегiнде олар құрылған жағдайда), сондай-ақ анағұрлым жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті және темiржол көлiгi немесе стандарттау саласында жұмыс тәжiрибесi мол, № 40 ТК жұмысына қатысуға және қабылданған мiндеттемелердi орындауға келісім білдірген өзге де мүдделі тараптардың өкiлдері № 40 ТК мүшесі бола алады.

 

ISO/TC 269 «Railway Applications» (ИСО/ТК 269 «Темір жолдар») халықаралық техникалық комитетінің толық құқықты мүшесі болып табылады.

 

№ 40 ТК стандарттау жөніндегі МТК 524 «Темір жол көлігі» мемлекетаралық техникалық комитетінің құрамына кіреді.

 

 

№40 «Темір жол көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің ережесі