КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Компанияның корпоративтік мәдениетінің өзгермейтін құндылықтары орнықты даму және өзара өркендеу, қоршаған ортаны қорғауды, денсаулық пен еңбек қауіпсіздігінін, тасымалдау процесінің қауіпсіздігінің, ақпараттық қауіпсіздік пен энергия тиімдігілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Компания қызметкерлері - басты құндылық және негізгі ресурс, инвесторлар үшін құрылған Компанияның қызметі мен құнының нәтижелері олардың кәсібилігі мен қауіпсіздігінің деңгейіне тікелей байланысты.
Компанияның барлық қызметкерлері (қарапайым қызметкерлерден бастап басшылыққа дейін) келесі құндылықтарды бөліседі: қауіпсіздік, көшбасшылық, амбициялар, мақтаныш, жауапкершілік
ҚАҒИДАТТАР
Өз жұмысында Компания келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- Заңдылық, айқындық, ашықтық және бизнесті адал жүргізу
- Экономикалық тиімділік
- Көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі
- Клиентке бағдарлану
- Жұмысшылардың құқықтарының кепілдіктері
- Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік
- Көшбасшылық
- Қатыстырылуы
- Менеджментке процесстік көзқарас
- Үздіксіз жақсару және инновациялар
- Әлеуметтік жауапкершілік
МҮДЕЛЛІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Компанияның жетістігі оның мүделлі тараптардың үміттеріне қаншалықты сәйкес келетініне байланысты. Компания клиенттер, мемлекет, Жалғыз акционер, Компания қызметкерлері және қоғам алдында міндеттемелерді орындайды.
Компания:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық стандарттардың, оның ішінде Компания өз еркімен орындауға келіскендерінің талаптарын сақтауға;
- Компанияның менеджмент жүйесі мен өз қызметінің көрсеткіштерін, оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі, сапа экология, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, энергия менеджменті және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштерін үнемі жақсартуға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, оның ішінде қоршаған ортаның ластауына жол бермеуге;
- қызметтердің денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
- қозғалыс қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қауіптерді жоюға және тәуекелерді азайтуға;
- Компания қызметкерлерімен консультацияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, олардың еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметке қатысуын қамтамасыз етуге;
- мақсаттарға қол жеткізу және энергетикалық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпарат пен ресурстардың болуын қамтамасыз етуге;
- сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергетикалық сипаттамаларды жақсартуға әсер ететін тиімді өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға басымдық беруге;
- жобаларды іске асыру кезінде энергетикалық сипаттамаларды жақсартуды ескеретін жобаларға басымдық беруге міндеттенді.
«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ