ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылған күні: 1956 жылғы 28 маусым, София қ. (Болгария)
Штаб-пәтері: Варшава қ. (Польша)
Жұмыс тілдері: орыс, қытай
Ресми сайты: https://osjd.org/
Қатысушылар (елдер) саны: 28 ел
Құрылымы және негізгі кеңесші органдары: Министрлер кеңесі, Темір жолдардың бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясы, 5 комиссия және 2 тұрақты жұмыс тобы, Уәкілдер кеңесі, Комиссиялар кеңесі
Негізгі құжаты: ТЖЫҰ туралы ереже
НҚА-ға сілтеме: https://osjd.org/ru/8967
Қазақстан Республикасы 1993 жылғы маусымнан бастап ТЖЫҰ мүшесі болып табылады. Ұйым шеңберінде жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін барлық қажетті негізгі шарттар қабылданған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан тарапы болып табылатын Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің, Халықаралық темір жол жолаушылар қатынасы туралы келісімнің және Еуропа – Азия қатынасындағы құрамдастырылған тасымалдардың ұйымдастырушылық және пайдалану аспектілері туралы келісімнің ережелерін қолданады.
Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ ТЖЫҰ шеңберінде транзиттік жүктерді тасымалдау кезіндегі тарифтік қағидалар мен шарттарды белгілейтін Бірыңғай транзиттік тариф және Халықаралық темір жол транзиттік тарифі туралы шарттардың дербес Тарапы болып табылады. Сол сияқты Компания Халықаралық темір жол жолаушылар тарифі туралы шарттың Тарапы болып табылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық қатынаста жүк вагондарын пайдалану туралы, Халықаралық қатынаста жолаушылар вагондарын пайдалану қағидалары және Халықаралық жолаушылар және жүк темір жол қатынасындағы есеп айырысу қағидалары туралы шарттар жасасқан.