Қазақстан темiр жолы

Қоршаған ортаға жасалатын эмиссиялар


 

Эмиссияны азайту бойынша орындалатын іс-шаралар:

• ластағыш заттарды аз шығаратын «ЭВОЛЮШН» сериялы тепловоздарды ендіру, бұл ескі модель тепловоздарымен салыстырғанда  атмосфералық ауаға шығарындыларды 2,2 еседен артық азайтуға мүмкіндік береді;

• Атмосфераға шығындылар деңгейі UIC III A ГОСТ Р 50953-96, ГОСТ Р 50952-96 стандарттар эмиссиясы бойынша экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда атмосфераға зиянды шығындылар 40 %-дан астам төмендеген.

• жылу беру жүйесі құрама, тұйық үлгідегі дәретханалармен жабдықталған жаңа жолаушы вагондарын сатып алу, бұл ластағыш заттар шығарындыларын азайтуға және теміржол төсемін фекальдық микрофлорамен  бактериалдық ластануын болдырмауға мүмкіндік береді;

• қазандықтарды қатты отыннан газ тәрізді отынға көшіру, өндірістік ғимараттарды электрмен жылытуға көшу, бұл атмосфералық ауаның стационарлық көздерден ластануын азайтуға жағдай жасайды;

• қалдықтарды (макулатура, ақауға шығарылған электронды жабдық (АЭЖ), пластик, металл сынықтары, пайдаланылған май, аккумуляторлар, шиналар) бөлек жинауды жүзеге асырып, кейін өтеусіз негізде қайталап өңдеу үшін тысқары ұйымдарға беру .

 

 

 

2022 жылға қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мақсаттары
© «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ