Қазақстан темiр жолы

Тұрақты дамуы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ үздіксіз әрі сапалы тасымалдарды қамтамасыз ету, көлік-логистикалық инфрақұрылымды  және жүрдек жолаушылар тасымалын дамыту, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру арқылы ұлттық экономика мен қоғамның тұрақты дамуына улесін қосады.

 

Компания қызметінің ауқымы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық аспектілеріне айтарлықтай әсер етеді, ал стейкхолдерлердің көптігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

Бүгін қабылданып жатқан шешімдердің ықтимал салдарларын түсіне әрі сезіне отырып, Компания өз дамуында тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа алып дамудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрамдас бөліктерінің теңгеріміне қол жеткізуге бағдарланады.

 Тұрақты дамуды басқару

 Мақсаттар

 Мүдделі тараптармен әрекеттесу

 Тұрақты даму көрсеткіштері

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметінде:

 

Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін дамыта отырып, ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз етуге

жаңа жұмыс орындарын құру, көліктік құрамдас бөлікті төмендету, халықтың ұтқырлығын арттыру және қайырымдылық жобаларын іске асыру арқылы Қазақстан  халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға

қызметкерлеріне толық әлеуметтік пакетті ұсыну, оқыту және кәсіби дағдыларды арттыру мүмкіндігін беру арқылы барынша қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға

қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге

 жаңа технологияларды заманауи жылжымалы құрамды енгізе, теміржол тасымалдарын дамыта отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға ұмтылады

 

 

 Үлкейту

© «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ