Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі

Жаңалықтар

Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі




19-10-2026

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚТЖ жолаушыларды темір жол вокзалдарының перрондары мен баспалдақтарындағы сары таңбаны орналастыру туралы хабардар етеді.

Перрондағы сары сызық қауіпсіздік шекарасын білдіреді. Жолаушылар пойызды күткен кезде белгіленген сызықтан аспай, отырғызу және түсіру ережелерін сақтауы керек.

Баспалдақтардың бірінші және соңғы сатыларындағы сары сызық баспалдақтың басы мен соңын, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдардың ажыратуына көмектеседі және құлау қаупін азайтады.

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және ескерту белгілеріне назар аудару қажеттігін еске салады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі