«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды

Жаңалықтар

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды




06-06-2026

Қызылорда облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде магистральдық желінің Қызылорда бөлімшесі ұйымдастырған «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы өтті.

Іс-шараға Шиелі ауданы әкімшілік полициясының, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері және Байгеқұм ауылдық округі әкімдігінің өкілдері қатысты.

Акция Бигеқұм станциясы ме №20 разъезд арасындағы теміржол өткелінде өтті, ол арқылы күн сайын 50 пойыз өтіп, автомобиль көлігінің қозғалысы жүзеге асырылады. 

Акцияға қатысушылар жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, теміржол өткелдерін қауіпсіз кесіп өту ережелері мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды, сондай-ақ ақпараттық жадынамалар таратты.

Қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтан 31 жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы көлігінің жүргізушісі өтті.

Мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі