ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
15-07-2026
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісін жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, елдің негізгі теміржол учаскелерінде цифрлық автобұғаттау жүйесін кезең-кезеңмен енгізуде.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша цифрлық автобұғаттау жүйесі теміржолдың 1 056 шақырымында іске қосылды, бұл биылға жоспарланған 2 188 шақырымның шамамен жартысын құрайды.
Жыл соңына дейін Тобыл – Қандыағаш және Шалқар – Бейнеу телімдерінің тағы 1 132 шақырымында жұмыстар толық аяқталады.
Цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, тасымалдау үдерісін тиімді басқаруға және теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі