«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
13-08-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2026 жылғы 13 тамыздағы шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі Құдайбергенов Рахметолла Әнуарбекұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сол шешіммен Сәтжан Салтанат Ерболқызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі болып сайланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі