Құрық портына «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ делегациясы келді
15-10-2026
2026 жылғы 14 қазанда «Құрық порты» ЖШС-ге төраға Р.М. Рустамов бастаған «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ делегациясы келді.
Делегацияны «Құрық порты» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Тұрлан Медина қарсы алды.
Сапар барысында Әзірбайжан тарапының өкілдері порттың инфрақұрылымымен, оның өндірістік мүмкіндіктерімен және жүк тасымалы саласындағы қызметімен танысты.
Сапар Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға бағытталған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі