Батырлар біздің арамызда!
12-05-2026
«Қазақстан темір жолы» әкімшілік ғимаратының LED-экранында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында бейнероликтер көрсетілімін жалғастыруда. «Батырлар біздің арамызда» жобасының кезекті шығарылымы кәсіби әрекеттерімен қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген теміржол саласының қызметкерлеріне арналған.
Шығарылым кейіпкерлерінің қатарында машинистер мен машинист көмекшілері, вагондарды тексеруші-жөндеушілер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар, пойыз құрастырушылар, электромеханиктер, жол монтерлері мен жол шеберлері бар.
Олардың ұқыптылығы мен уақтылы қабылданған шешімдері арқасында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, рельстер мен автотіркеу құрылғыларының ақауларын анықтауға, сондай-ақ жылжымалы құрамның рельстен шығу қаупін болдырмауға мүмкіндік туды.
Мұндай жағдайлардың әрқайсысы жоғары тәртіптің, нұсқауларды дәл сақтаудың және пойыз қозғалысының қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершіліктің нәтижесі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі