Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржолшылар "Taza Qazaqstan"республикалық бастамасы аясында эко-сенбілік өткізді




14 07 2025

Алматыда әуежай көлінің аумағында "Taza Qazaqstan" республикалық бастамасы аясында жас теміржолшылар ұйымдастырған экологиялық сенбілік өтті.
Акция барысында қатысушылар жағалау аймағын тұрмыстық қоқыстардан, пластиктен және шыны қалдықтардан тазартты. Сенбілік қорытындысы бойынша қайта өңдеуге берілген 68 килограмм қайта өңделетін шикізат және Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен әкетілген 71 килограмм қайта өңделмейтін қоқыс жиналды.
Іс-шараға теміржолшы-белсенділер, Recycle BIRGE экологиялық қоғамдастығының өкілдері және еріктілер қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі