Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржолшылар «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты




26-05-2025

Еліміздің барлық өңірлерінде екі күндік «Өрт-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Республикалық жедел штаб Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» Майқарағай орманшылығының аумағында орналастырылды. Оқу-жаттығуға ҚТЖ қызметкерлері қатысты. 

ҚТЖ-да төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдардың пысықталған алгоритмі жұмыс істейді. Өңірлерде теміржол көлігінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін штабтар мен апаттық-құтқару құралымдары құрылды.

ҚТЖ құлақтандыру жүйесі персонал мен мемлекеттік органдарды теміржол инфрақұрылымы объектілерінде төтенше жағдайлардың туындауы туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. 

Компания қызметінде 47 өрт сөндіру пойызы және 4 өрт сөндіру бекеті бар. Барлық құрамалар жеке құраммен, өртке қарсы техникамен, мүкәммалмен, арнайы жабдықтармен және өрт сөндіру құралдарымен жасақталған. 

Сонымен қатар, 37 қалпына келтіру пойыздары мен арнайы техника — дрезиналар, теміржол жүрісіндегі крандар, автотракторлық техника, мотопомпалар дайындалды.

ҚТЖ-ның барлық — «Магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарында жанар-жағармай материалдарының қажетті қоры қамтамасыз етілген. Өрт туындаған жағдайда іс-қимылдарды пысықтау бойынша локомотив бригадаларымен техникалық сабақтар өткізіледі. 

Тұрғындарды төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау, құрылыс материалдарын, азық-түлік пен арнайы техниканы жеткізу үшін жұмыс паркі дайындалды. 

Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін облыстық өртке қарсы қызметтермен тұрақты байланыс орнатылды, жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, сондай-ақ жағдайды бақылау және өрттің алдын алу үшін қосымша аралаулар мен айналма жолдар жүргізілуде.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі