Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржолшылар «Ұлттық диктант» жалпыреспубликалық акциясына қатысты




31-10-2025

ҚТЖ-ның 500 астам қызметкері мақсаты сауатты жазу мәдениетін дамыту және мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту болып табылатын «Ұлттық диктант» жалпыреспубликалық акциясының қатысушысы болды.

Бұл жоба жазу дағдыларын жетілдіруге және азаматтардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық бастаманы білдіреді.


Акция ҚТЖ орталық ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті өкілдерінің, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы мүшелерінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының қатысуымен өтті.

Жақын арада акцияға ҚТЖ өңірлік бөлімшелері мен еншілес компанияларының тағы екі мыңға жуық қызметкері қосылады деп күтілуде.

ҚТЖ дәстүрлі түрде мемлекеттік тілді дамытуға және еліміздің мәдени мұрасын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдап келеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі