Теміржолшылар еңбегі ҚР ІІМ наградаларымен марапатталды
05-08-2025
Теміржолшылар еңбегі ҚР Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарымен және ведомстволық наградаларымен атап өтілді. Марапаттау рәсімінде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков атынан Ұлттық ұланның өкілдері теміржолшыларға тиімді өзара іс-қимыл жасағаны және адамдарды, жүктер мен техниканы тасымалдауда уақтылы көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ұлттық ұлан өкілдері жүк тасымалы мен магистральдық желі, жолаушылар тасымалы және басқа да қызметтер қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Алғыс хаттармен: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Вокзал шаруашылығы департаментінің бас менеджері - Наталья Костарева; "Жолаушылар тасымалы" АҚ Сату және клиенттермен жұмыс департаментінің менеджері Қуаныш Қалыбаев; "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Астана станциясы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Әлімжан Атақанов; "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Ақмола ЖТ бөлімшесі филиалы Нұрлы Жол станциясы бастығының орынбасары Нұрлан Лесов; "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының сервис секторының жетекші инженері Азамат Кәрбек; "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалы Астана учаскесі бастығының міндетін атқарушы Бексұлтан Жұмағұлов; "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Сергей Иванов; "Вагонсервис" АҚ техникалық саясат тобының бас менеджері Азамат Жетпісбаев; "Вагонсервис" АҚ Ақмола филиалының бас инженері Төлеш Усаев; "Вагонсервис" АҚ Ақмола филиалының жөндеу цехының бастығы Жансұлтан Әбенов атап өтілді.
"Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгісімен: "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - Ақмола ЖТ бөлімшесі Астана станциясының бастығы Надырхан Қайсаров; "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалы жедел бөлімінің бастығы Евгений Казьмин; "Вагонсервис" АҚ Ақмола филиалы директорының орынбасары Самғат Сұлтанмұрат марапатталды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов; "Вагонсервис "АҚ Бас директорының м.а. Қайрат Қанапин; "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры Сәкен Рахметов «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне 25 жыл» төсбелгісімен атап өтілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі