Астанада пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер байқауы басталды
12-11-2025
Бүгін елордада "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметкерлерінің операциялық қауіпсіздік бойынша "Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің үздік тәжірибелері" атты үш күндік байқау басталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 12 команда қатысуда.
Бірінші күні қатысушылар операциялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған өздерінің инновациялық идеялары мен техникалық шешімдерін ұсынады.
Екінші күні «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті - біздің іргетасымыз» оқуы және практикалық сабақтар: «Байлам» іскерлік ойыны және «Мақсатқа жету үшін 5 қадам» топтық жұмысы өтеді.
Қорытынды күн - нақты кейстерді талдау, «Қауіпсіздік білгірлері» зияткерлік ойыны, қорытынды жасау және үздіктерді марапаттау.
Байқаудың мақсаты - тәжірибе алмасу, қауіпсіздік мәдениетін дамыту және теміржолшылардың күнделікті жұмысына үздік тәжірибелерді енгізу.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі