ҚТЖ: тұрғындар үшін коммуналдық-тұрмыстық көмір қоры толық көлемде қамтамасыз етілген
22-10-2025
ҚТЖ мониторингтік топтары тұрғындар үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді түсіруді жүзеге асыратын елдің көмір тұйықтары бойынша бақылау жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір жинақталған. Вагондармен қамтамасыз ету, беру және тасымалдау проблемалары тіркелген жоқ.
ҚТЖ тарапынан коммуналдық-тұрмыстық көмірмен вагондарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Компанияда тұрғындар үшін отын тасымалына мониторинг пен үйлестіруді жүзеге асыратын жедел штаб жұмыс істейді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі