Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Қыстың басынан бері 70 мың текше метрден астам қар Ақтөбе бөлімшесінің станциялық жолдарынан шығарылды




28-02-2025

Елдің кейбір өңірлерінде ылғалдың көптігі атап өтілуде. Осыны ескере отырып, теміржолшылар көктемгі тасқын суларды өткізу үшін шаралар қабылдауда. Қыстың басынан бастап Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде темір жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Бөлімше қарамағында – 58 бірлік қар тазалау техникасы бар, бұл қардың салдарын тез жоюға және пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қыстың басынан бастап станция жолдарынан 73 162 текше метр қар шығарылды. Күн сайын бағыттамалық бұрмаларды тазартуға жол дистанциясының 370 дейін қызметкері шығады. Теміржолшылар магистральда қауіпсіздікті және үздіксіз жүруді қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі