S&P Global Ratings ұлттық қазақстандық шкала бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингін «kzA+»-дан «kzAA–» - ға дейін көтерді
04-09-2025
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингін ұлттық қазақстандық шкала бойынша «kzA+»-дан «kzAA –» - ға дейін көтерді.
S & P Global Ratings-тің пікірінше рейтингтің жоғарылауы несие сапасы өзгеруінің оң тенденциясын көрсетеді.
Сондай-ақ S & P Global Ratings халықаралық шкала бойынша «ҚТЖ» ҰК» кредитін растады және «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингі бойынша болжамды қайта қарап, «Тұрақты»-дан «Позитивтік»-ке ауыстырды.
Агенттік еліміздің географиялық орналасуын және экономика құрылымын ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қазақстан Республикасының көлік саласындағы маңызды рөлін атап өтеді.
Сілтеме:
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі