Достық және Алтынкөл станцияларының қызметкерлері ҚХР-да өткен семинарға қатысты
28-11-2025
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту шеңберінде станция бойынша кезекші, кәсіподақ өкілі және Достық пен Алтынкөл станциялары пойыздарының құрастырушылары ҚХР Үрімші темір жолы ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты.
Қазақстандық теміржолшылар Үрімші темір жолының инфрақұрылымымен танысып, локомотив және вагон депосына барып, еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктерін, Қытайдың темір жол желісінде қолданылатын заманауи технологиялық процестер мен қауіпсіздік стандарттарын зерделеді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және трансшекаралық станциялардағы өндірістік процестерді жетілдіру үшін тұрақты тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі