Қазақстаннан өсімдік майының сынама партиясы Қытайға 40 футтық контейнерлерде жеткізілді
18-09-2025
2025 жылғы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысынан флекситанкалардағы 40 футтық контейнерлерде қазақстандық өсімдік майының сынама партиясы жөнелтілді. Жүк Цзянсу провинциясына дейін 4700 км қашықтықты 12 күнде жүріп өтті. Жеткізу логистиканың тиімділігін және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Қытайға тұрақты жеткізуге дайындығын растады.
Жоба стратегиялық сипатқа ие: ол Қытай нарығын игеруге және Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған міндеттеріне сәйкес келетін контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған.
Пилоттық жеткізуді іске асыру отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
10-11 қыркүйекте Қорғас станциясында өткен «Үрімші темір жолының» өкілдерімен келіссөздер барысында тараптар тиеу шарттарын қатаң сақтай отырып, 20 және 40 футтық контейнерлерде тұрақты май жеткізуді ұйымдастыру арқылы жобаны масштабтау ниетін растады.
Осылайша, жоба ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен Қазақстанның экспорттық әлеуетін одан әрі кеңейту үшін берік негіз қалыптастырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі