Каспий бассейніндегі қолайсыз ауа райы кемелердің кіруін және астық тасығыштарды түсіруді қиындатады
06-11-2025
2025 жылғы қазанда жарты айдан астам уақыт қолайсыз метеожағдайлар тіркелді, ал порттар кемелердің кіруі үшін 11 күн жабылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 күнге көп.
Ауа райы терминалдарға толық көлемде жұмыс істеуге және вагондарды уақытылы түсіруге мүмкіндік бермейді. Жылжымалы құрамның жинақталуын және теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетінің төмендеуін болдырмау үшін ҚТЖ жағдай тұрақталғанға дейін астықты Каспий порттарына тиеуді уақытша реттеуге мәжбүр. Инфрақұрылым тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне қосымша Ақтау порты айлақтарындағы судың төмен деңгейi - 3,5 м әсер етедi, бұл кемелердiң жүктелуiн шектейдi.
Түзету әрекеттері болмаған кезде жаппай тасымалдау кезеңінде астық тасығыштар паркінің қозғалыссыз қалу қаупі бар, осыған байланысты тиеп жөнелту кемелерді жалдауға сәйкес реттеледі.
2025 жылдың он айында астықты темір жол көлігімен тасымалдаудың жалпы көлемі 11,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38% -ға артық. Оның 8,45 млн тоннасы экспортқа жіберілді (+39%), ал ішкі тасымалдар 34%-ға артты.
Қазақстандық астықты темiр жол арқылы тасымалдау бiрқатар экспорттық бағыттар бойынша елеулi өсімдi көрсетедi. Иранға тасымал көлемі екі есеге артып, 773 мың тоннаға жетті.
ҚТЖ барлық тасымалдау процесiне нұқсан келтiрмей экспорттық тасымалдарды қамтамасыз етудi жалғастырады, терминалдармен, трейдерлермен және порттармен тұрақты үйлестiрудi жүргiзедi.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі