Темір жолда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
24-02-2025
Көктем жақындағанда Қостанай өңірінде су тасқыны кезеңіне теміржол инфрақұрылымын дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңірдің барлық жол дистанциясының мамандары су өткізу құбырларын тазалауды және қарғын суларды бұру үшін арналарды дайындауды қамтамасыз етеді. Жолдарды, көпірлерді және басқа да объектілерді тексеруді қоса алғанда, инфрақұрылымның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қауіпті учаскелерді күнделікті айналып өту ұйымдастырылды. Жол дистанциясы қызметкерлері бөгеттер мен су қоймаларын тексеріп, туындайтын қауіп-қатерлерге жедел ден қоюды қамтамасыз етеді. Ревизорлық аппарат пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне тәулік бойы мониторинг жүргізеді, бұл кез келген жағдайға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жолаушылар мен қызметкерлерді хабардар ету жүйесі тексеріледі.
Қостанай учаскесі бойынша ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өңірлік бас ревизоры Әлібек Махамбет атап өткендей, су тасқынына қарсы іс-шаралар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теміржол тасымалының сенімділігін қолдау үшін маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, өткен жылдың жазғы кезеңінде жолдар бойындағы қорғаныш бөгеттер мен үйінділерді салу және жөндеу, сондай-ақ еріген суды жолдар мен станциялардан бұру үшін дренаждық жүйелерді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жыл сайын нөсерлік кәріздер мен дренажды арықтар жөнделеді. Сондай-ақ су тасқыны болған жағдайда эвакуациялау жоспарлары әзірленуде және қызметкерлер үшін су тасқынына қарсы жаттығулар өткізілуде.
"Климаттың өзгеруі мен ықтимал қауіптерді ескеретін ұзақ мерзімді стратегиялар әзірленді. Барлық іс — шаралар тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесіне біріктірілген және оларды іске асыру мемлекеттік органдармен, экологиялық ұйымдармен және жергілікті қоғамдастықтармен тығыз өзара іс-қимылды талап етеді", - деп атап өтті Әлібек Махамбет.
Анықтама үшін: Қостанай өңіріндегі темір жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 3000 км құрайды, оның ішінде 600 км станциялық жолдар, 1600 астам бағыттамалық бұрма және 150 астам күзетілетін және күзетілмейтін өткел бар. Өңірде 260 жуық теміржол көпірі мен 500 астам су өткізгіш бар. Ең үлкен қауіп - 14 су қоймасында, көлдерде және өзендерде еріген судың жиналуы. Өңірде жолдың төрт дистанциясында орналасқан, Арқалық, Есіл, Арқа және Қостанай негізгі станцияларында су тасқыны қаупімен күресу үшін арнайы шайып кетуге қарсы пойыздар құрылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі