Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ: Қазақстан-Бельгия маршруты бойынша есіктен есікке дейін жеткізу іске қосылды 
 




05-05-2025

“ҚТЖ” ҰК” АҚ еншілес ұйымы - "KTZ Express" АҚ Қазақстан-Бельгия маршруты бойынша бірінші мильден соңғы мильге дейін жаңа халықаралық жеткізу сервисін ұйымдастырды.

2025 жылғы ақпаннан бастап компания тасымалдаудың толық циклін: Қазақстандағы ішкі логистиканы, теміржол транзитін, Еуропа бойынша автотасымалдауды, кедендік ресімдеуді және барлық кезеңдерде бақылауды қамтамасыз етеді.

Экспортқа қазақстандық молибден концентраты - жиырма футтық баламада 68 контейнер алғашқы жөнелтілім болды. Қызмет жүктердің басқа түрлерін тасымалдау үшін масштабталуы мүмкін. 

Будапешттегі еуропалық кеңсенің қатысуымен KTZ Express үздіксіз және ашық логистиканы қамтамасыз ететін бірыңғай оператор ретінде әрекет етеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі