Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ ағымдағы жылы Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғыртуға кіріседі




11-04-2025

ҚТЖ басшылығы өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Алматыда көшпелі кеңес өткізді.  

Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы белгіленген мерзімде әрі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жаңа жолды төсеу үшін жер төсемі дайын. Өндірістік базаларда 74 км рельстішпалды тор жиналды. Кесте бойынша көпірлер салу және құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Сондай – ақ, кеңес барысында ұзындығы 293 км Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесінің өткізу қабілетін арттыру мәселелері талқыланды. Екінші жолдар мен жаңа разъездер салу, станцияларды дамыту көзделген. Жобаны іске асыру Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін ашуға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. 

Компания биыл учаскені жаңғыртуға кірісуді жоспарлап отыр.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі