Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ: Ақтау порты бағытында астықты қабылдауға шектеулер – уақытша




09-10-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтау портына жөнелтілетін экспорттық астық жүктерін қабылдауды уақытша шектеді.

Бұл шара технологиялық сипатқа ие және кемелердің біркелкі емес кіруіне байланысты астық вагондарының жиналып қалуымен байланысты. Қыркүйек айында портқа жалпы жүк көтергіштігі 50 мың тоннаға жуық 14 кеме келді, бұл терминалдар мен кіреберістерде 700 жуық жүк тиелген вагондардың жиналып қалуына әкелді.

Шектеулер жылжымалы құрамның тоқтап қалуын және инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін енгізілді. Кеме қатынасы кестесі тұрақтандырылғаннан кейін астық жүктерін қабылдау толық көлемде қайта басталады.

Сонымен қатар, шығыс бағыттағы (ҚХР) іргелес аумақта астық жүктерін қабылдаудың төмендеуі байқалуда. Бұл ҚХР фитосанитариялық және карантиндік органдарының мерекелік кезеңде астық жүктерін тексеру мерзімінің 5-тен 10 тәулікке дейін ұлғаюына байланысты. Бұл жағдай қазақстандық тараптың инфрақұрылымындағы пайдалану жағдайына теріс әсер етті.

ҚТЖ теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істейді және расталған көлемдерді тасымалдауға дайын.

2024-2025 жылдардағы маркетингтік маусымда (қыркүйек–тамыз) Ақтау порты арқылы Иран бағытында астық тасымалдау көлемі 10 есеге ұлғайып, 1,27 млн тоннаны құрады.

Ішкі нарыққа және әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жеткізілімдер шектеусіз жүзеге асырылады. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі