Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ «HR-бренд 2025» байқауында жүлделі орынға ие болды




01-08-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Іріктеу шебері» («Персоналды іріктеу шебері») номинациясы бойынша «HR-бренд 2025» корпоративтік конкурсының жеңімпазы атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі «Самұрық-Қазына» АҚ-да өтті, онда қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке грамота табыс етті. 

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, байқау компаниялар тобының HR-тәсілдерінің жоғары деңгейі мен жетілгендігін, сондай-ақ адами капиталға инвестициялау стратегиясының тиімділігін растады. 

Байқау мақсаты - үздік HR-тәжірибелерді анықтау және тарату. Оған бес номинация бойынша 25 кейс: кадрларды іріктеу, таланттарды дамыту, цифрландыру, қызметкерлерді тарту және басқарудың инновациялық әдістерін ұсынған 9 компания қатысты.

Қатысушылар жобалары заманауи сын — қатерлер мен құндылықтарды-инклюзивтілікті, цифрландыруды және әлеуметтік жауапкершілікті көрсетеді. Жұмысшы мен тұрақты жұмыс ортасы басты назарда.

Конкурс тиімді HR-тәжірибелер мен еңбекті құрметтеу мәдениетін ілгерілету үшін жыл сайынғы алаңға айналады. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі