Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ-ның Ірі жүк жөнелтушілермен көшпелі кеңесі өтті




19-09-2025

Рудный қаласында «ССКӨБ» АҚ және «ТРАНСКОМ» ЖШС-мен ҚТЖ өкілдерінің көшпелі кеңесі өтті.

Кездесу барысында көлік логистикасының негізгі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қытай мен Ресей бағытында темір рудасын тиеу, сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (Қостанай қ.) үшін Қытайдан машина жинақтары бар контейнерлермен жартылай вагондарды кері жүктеуді пайдалану туралы сөз болды.

Ағымдағы жылдың 8 айындағы тасымалдардың қорытындысы шығарылып, 2025 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары анықталды. ERG компаниясы тобының кәсіпорындары үшін бос вагондардың жүруін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қабылданған шешімдер тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтуға және жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі