Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқу-жаттығудан өтті




01-07-2025

Көкшетауда ҚТЖ мемлекеттік емес өрт қызметінің қызметкерлері үшін "Өрт қауіптілігін талдаудың және объектілерді өрттен қорғаудың заманауи әдістері" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Ақмола облысы ТЖД, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының, жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің және А. Мырзахметов атындағы  университеті әскери кафедрасының өкілдері қатысты. 

Семинарда төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар мен теміржолшылардың өзара іс-қимылы, теміржол инфрақұрылымы объектілерін өрт автоматикасы жүйелерімен жарақтандыру, мамандар даярлау және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Өрт сөндіру пойыздарының жауынгерлік дайындығына және өрт-техникалық сараптама жүргізуге ерекше назар аударылды. 
 
Қатысушылар үшін ҚТЖ нысандарына өрт-техникалық тексерулер жүргізу бойынша іскерлік ойын өткізілді. Практикалық бөлім отын қоймасының аумағында өтті, онда көлемі 3000 м3 болатын резервуарда шартты өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті.

Семинар қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, бейінді ведомстволармен ынтымақтастықты дамытуға және ҚТЖ объектілерін өртке қарсы қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі