Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ локомотив бригадаларының 16 демалыс үйіне күрделі жөндеу жүргізуде




17 07 2025

ҚТЖ локомотив бригадаларының тұрмыстық жағдайын жақсарту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Атбасар, Есіл, Ақадыр, Қызылжар, Мойынты, Отар, Достық, Матай, Орал, Қандыағаш, Жем, Атырау, Сағыз, Ганюшкино және Бейнеу станцияларындағы 16  демалыс үйіне күрделі жөндеу жүргізуде. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалып жатыр.  

Шілде айының басындағы жағдай бойынша Есіл, Арқа, Отар және Бейнеу станцияларында жөндеу жұмыстары аяқталды. Атбасар (92%), Қызылжар (95%), Орал (96%) және  Достықтағы  нысандарда жұмыс бітуге жақын. 

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін локомотив бригадаларының демалысы үшін барлық қажетті жағдай жасалып, жайлылықпен  қамтамасыз етіледі.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі