Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ «Жас үздік маман» республикалық  байқауының жеңімпаздарын марапаттады




10-10-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және Компанияның кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған «Жас үздік маман» V Республикалық кәсіби конкурсының қорытындысын шығарды.

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі және еліміздің барлық өңірлерінен теміржол мамандықтарының үздік өкілдерін біріктіреді.

Республикалық конкурсқа өңірлік турлардың жеңімпаздары — бес негізгі кәсіптің өкілдері: жол шебері, жолаушылар вагонының жолсерігі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқату  жөніндегі инженер және вокзал бойынша кезекші қатысты. 
Республикалық кезеңнің жеңімпаздары кәсіби білім, білік және құзыреттілік деңгейін бағалайтын теориялық және практикалық тапсырмалардың нәтижелері бойынша анықталды. 

Республикалық кезең жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Вокзал бойынша кезекші» номинациясы бойынша бірінші орынды Зәмзәгүл Қарақұлова (Арал теңізі станциясының вокзалы), екінші орынды Еркебұлан Қасымхан (Алматы — 1), үшінші орынды Әйгерім  Қайнарқызы (Жаңа Семей) иеленді.

«Жол шебері» номинациясының жеңімпазы Жалғас Якубов (Қызылорда жол дистанциясы) болды. Екінші орында — Бауыржан Қыпшақбаев (Қазалы жол дистанциясы), үшінші орында — Ерасыл Адайбек (Алтынкөл жол дистанциясы).

Павлодар станциясынан Екатерина Мухина тасымалдау құжаттамасымен қатесіз жұмыс істегені үшін үздік деп танылды. Сондай-ақ, «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор»  номинациясында екінші орынды Софья Плясунова (Өскемен станциясы), үшінші орынды Әмина Игембердиева (Үштөбе станциясы) жеңіп алды. 

Жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқату бойынша үздік инженер Аяужан Асқарқызы (Қызылорда жүк тасымалдау бөлімшесі) болды. «Жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқату  жөніндегі инженер» номинациясындағы екінші орында — Айдана Төлеуханова (Алматы жүк тасымалдау бөлімшесі), үшінші орында — Ақмарал Жақаева (Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесі).

Үздік жолсерік Юлия Волокитина болды, ол «Жолаушылар тасымалы» — «Экспресс» АҚ филиалында жұмыс істейді. «Жолаушылар вагонының жолсерігі» номинациясы бойынша екінші орынды Әрсен Қайрат, үшінші орынды Қайнар Үшкемпір иеленді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі