Қазақстан мен БАӘ логистика және азық түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуде
12-05-2025
12 мамырда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту шеңберінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қазақстандық бидай партиясымен Джебель-Али портына алғашқы пойызды жөнелтті. Жүк трейдері IK Trading компаниясы болды.
Маршрут Түрікменстан мен Иран аумағы арқылы өтеді, содан кейін Бендер-Аббас портында ауыстырып тиеу және БАӘ-ге теңіз арқылы жеткізу. Орташа жол жүру уақыты 18 күнді құрайды.
Бұл қадам Еуразия мен Таяу Шығыс арасындағы логистикалық маршруттарды дамытудың кезекті кезеңі болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі