ІРО өткізу жөніндегі ақпарат
07-11-2025
«Қазақстан темір жолы» АҚ ІРО қарсаңындағы кез келген актив сияқты оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында сату алдындағы дайындықты жүргізуді талап етеді.
Ол үшін "ҚТЖ "ҰК" АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп ҚР Үкіметінің келісімі бойынша өзара тығыз іс-қимылда тиісті жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, халықаралық инвестициялық банктердің пікірінше, қаржы нарықтарындағы геосаяси ахуал мен конъюнктураны қалыпқа келтіру табысты ІРО жүргізу үшін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
ҚТЖ табысты ІРО-ның басқа факторларының ішінде халықаралық инвестициялық банктер компанияның темір жол желілері бойынша жүк транзитінің серпінді өсу көлеміне байланысты қызметтің нәтижелерін ҚТЖ-ның 2025 жылғы қаржылық есептілігінде нақты бекітудің, сондай-ақ борыштық жүктеменің бір бөлігін әлеуетті қайта құрылымдаудың маңыздылығын атап өтеді.
Осыған байланысты ІРО өткізудің нақты мерзімдері мен құрылымы, оның ішінде акцияларды орналастыру көлемі мен орналастыруға арналған алаңдар инвестициялық банктер атынан тәуелсіз консультанттардың ұсынымдарын ескере отырып, сату алдындағы дайындық жөніндегі іс-шаралардың аяқталуына қарай, сондай-ақ қолайлы нарықтық конъюнктура жағдайында айқындалатын болады.
Сонымен қатар, әлеуетті листинг барысында Компанияның ықтимал құнына қатысты кез келген ақпарат объективті емес және мерзімінен бұрын болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі