Ақтөбе өңірінде 140 шақырымнан астам теміржол жаңартылады
04-03-2025
Ағымдағы жылы жоспарлы жазғы жол жұмыстары шеңберінде Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жөндеудің барлық түрімен 140 шақырымнан астам теміржолды жаңартады.
Рельс-шпалдық тор мен балласт қабатын толық ауыстыра отырып, күрделі жөндеумен Әйтеке би - Үйтас, Жіңішке – Ақтөбе, Қарашоқат-Ақкеспе және т. б. учаскелерінде шамамен 73 км теміржол төсемі қамтылатын болады.
Күшейтілген орташа жөндеу жұмыстарымен Ақтөбе-2 және Шалқар станцияларында сұрыптау мен қабылдау-жөнелту жолдары жаңартылады.
Сенімділікті арттыру, құрылымның қызмет ету мерзімін ұлғайту, пайдалану шығындарын азайту үшін теміржолшылар темірбетон арқалықтары бар бағыттамалық бұрмалардың жаңа 106 жиынтығына ауыстырады.
Сондай-ақ, ұзындығы 70 км асатын учаскелерде рельстік жолтабанды, рельстік торларды және басқа да жұмыс түрлерін ауыстыру жоспарланған.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары жануарлардың темір жолға шығуын болдырмау үшін 133,7 км қоршау салады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі